Шмишек сауалнамасы: Шмишек сауалнамасы «Акцентуациялық мінез-құлық»

МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ (Г. Шмишек, К. Леонгард) — Республикалық білім порталы

4 курс студенті: Құрманәлі Ә.Е.

Оқытушы: Болтаева А.М.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

 

МІНЕЗДІҢ АКЦЕНТУАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ (Г. Шмишек, К. Леонгард)

Г. Шмишек, К. Леонгардтың сауалнамасы жеке тұлғаның акцентуация түрін диагностикалауға арналған. 1970 жылы Г. Шмишек жариялады және «К.Леонгардтың тұлғаның акцентуациясын зерттеу әдістемесінің» модификациясы болып табылады. К. Леонгардтың пікірінше, акцентуация-бұл әр адамға тән жеке қасиеттер.

Мақсаты: тұлғаның мінезінің акцентуациясын анықтау.

Тест 88 сұрақтан тұратын 10 шкаладан құралған. «Иә» және «жоқ» жауаптарының 2 нұсқасы беріледі. («+» немесе «-» таңбаларымен белгіленеді.)

Шкалалар сипаттамасы.

  1. Әсірешіл тип (гипертим). Шкала бойынша жоғары баға іске деген құмартуының негізінде көңіл-күйінің көтеріңкі болуы, тым белсенділік, пысықтық.
  2. Еліккіш тип. Бұл типтін негізгі белгісі — тым албырттық, әуестігі мен тануы әлсіз.
  3. Сезімтал тип. Бұл сезімтал және әсірешіл, адамның рухани өмірінің нәзік жақтарына терең әсіреленуімен сипатталады.
  4. Педантты (нанымшыл) тип. Жоғары баға психологиялық процестерінің селқос бәсеңдігін көрсетеді, қолайсыз жайлар оны жасытады.
  5. Мазасызданғыш — қорқақ тип. Негізгі қасиеті — үрейге деген бейімділігі, қорқақтығы, үркектігімен сипатталады.
  6. Циклотимді тип. Бұндай жандардың жоғары баға шкаласы әсірешілдігі мен дистімді түрге өзгеруіне сәйкестенеді.
  7. Демонстративті (қыр көрсеткіш) тип. Шкала бойынша жоғары баға ығыстырғыш, қыр көрсеткіштігін көрсетеді.
  8. Тоқыраған тип. Өте бағалы идеяларының қалыптасуына ызасын аса бір табандылықпен керсетуімен сипатталады.
  9. Дистимді тип. Гипертимді тұлғаға қарама-қарсы, көңіл-күйінің төмендігімен сипатталады, өмірінің көлеңкелі жағын идеоматорлы бекітуі кенжелеуі.
  10. Экзальтталған тип. Бұндай жандарға сезімталдықтарының құбылмалылығы тән; жағымды жаңалықтардың әсерінен көңілденуі жылдам мұңаюға ауысады.

Нұсқау: «Сізге жеке басыңыздың әртүрлі аспектілеріне қатысты 88 сұраққа жауап беру ұсынылады. Жауап парағына келіссеңіз «+» (иә) немесе келіспесеңіз «-» (жоқ) белгісін қойыңыз. Тез жауап беріңіз, ұзақ ойланбаңыз».

Әдістеменің мәтіні:

  1. Әдетте сен сабырлысың, көңілдісің.
  2. Тез ренжіп, ашуланасың.
  3. Тез жылап қаласың.
  4. Жұмысыңда қате жоқ екенін бірнеше рет тексересің бе?
  5. Өз сыныптастарың сияқты күштісің бе?
  6. Қуаныштан көңілсіздікке немесе керісінше тез ауыса аласың ба?
  7. Ойында басшы болуға құмарсың ба?
  8. Бостан босқа бәріне де ашуланатын кездерің бола ма?
  9. Сенімді адаммын деп ойлайсың ба?
  10. Мұғалімнің тапсырмасын барлық уақытта тиянақты орындайсың ба?
  11. Жаңа ойын ойлап таба аласың ба?
  12. Біреуді ренжіткенің туралы тез ұмытасың ба?
  13. Мейірімдісің бе, басқаның қайғысына ортақтасасың ба?
  14. Пошта жәшігіне хатыңды салған соң, дұрыс салғаныңды тексересің бе?
  15. Мектепте, үйірмеде, спортта ең үздік болуды ұнатасың ба?
  16. Кішкентай кезіңде найзағайдан, иттен қорқып па едің?
  17. Балалар сені тым ұқыпты немесе тым белсенді санай ма?
  18. Үй жұмысы және мектеп жұмысы сенің көңіл-күйіне байланысты ма?
  19. Сені көп таныстарың жақсы көреді деп айтуға бола ма?
  20. Сенде кейде мазасыз ойлар бола ма?
  21. Сәл көңілсіздік бола ма?
  22. Қайғыру кезінде қатты жыладың ба?
  23. Бір орында ұзак болу саған қиын ба?
  24. Кінәсіз жазғырса, өз құқығын үшін күресесің бе?
  25. Ашатаяқпен (рогатка) мысықты атқан кезің болды ма?
  26. Перде немесе дастархан қисық ілініп тұрса, ол сені тітіркендіре ме?
  27. Кішкентай кезіңде үйде жалғыз қалуға қорықтың ба?
  28. Себепсіз саған көңілділік немесе көңілсіздік кезі бола ма?
  29. Сыныпта ең үздік оқушысың ба?
  30. Жиі-жиі асыр сап, тентектік іс жасайсың ба?
  31. Жылдам ашуланып қалу сенде болды ма?
  32. Кейде өзінді өте бақытты сезінген кезің болды ма?
  33. Балалардың көңілін көтере білесің бе?
  34. Біреуге оның өзі туралы не ойлайтыныңды айта аласың ба?
  35. Қан көруден қорқасың ба?
  36. Мектептегі тапсырмаларды шын көңілмен орындайсың ба?
  37. Біреуді босқа кінәласа, сен оған болысасың ба?
  38. Бос, қараңғы бөлмеге кіру саған ыңғайсыздық тудыра ма?
  39. Саған тез, бірақ қалай болса солай істелген іс ұнай ма, әлде баяу, бірақ дұрыс орындалған іс ұнай ма?
  40. Адамдармен тез таныса аласың ба?
  41. Ертеңгіліктерге, кештерге белсенді қатысасың ба?
  42. Үйден қашқан кезің болды ма?
  43. Балалармен, мұғалімдермен ренжісіп, сабаққа келмеген кезің болды ма?
  44. Өмір саған қиын болып көріне ме?
  45. Өзіңнің сәтсіздігіне күлген кезің болды ма?
  46. Сенің кінәңсіз болған реніш үстінде татуласуға тырысасың ба?
  47. Жануарларды жақсы көресің бе?
  48. Үйден шығып кеткеннен соң, барлығының дұрыс екенін қайта тексеруге келген кезің болды ма?
  49. Сенің өзінде немесе туыстарыңа бір нәрсе болатын сияқты сезім бола ма?
  50. Ауа-райына сай көңіл-күйің өзгере ме?
  51. Сұрақтың жауабын біліп тұрсаң да жауап беру қиын ба?
  52. Біреуге ашулансаң, онымен төбелесе кетесің бе?
  53. Балалармен бірге болу саған ұнай ма?
  54. Бір істің орайы келмесе, ол үшін уайымдайсың ба?
  55. Жұмыс немесе ойын ұйымдастыра аласың ба?
  56. Мақсатыңа қиындық туса да жетуге тырысасың ба?
  57. Кинодан, кітаптан қайғылы оқиғаға жылап па едің?
  58. Бір оқиғадан кейін ұзақ ұйықтай алмайтын кезің бола ма?
  59. Басқаға кешіртуге немесе сабақ айтуға көмектесесің бе?
  60. Қараңғы көшемен жалғыз жүруге қорқасың ба?
  61. Әр заттың өз орнында тұруына көңіл бөлесің бе?
  62. Жақсы көңілмен ұйықтасаң да, көңілсіз оянған сәтің бола ма?
  63. Бөтен балалардың ортасында өзіңді еркін сезінесің бе? (жаңа сыныпта, лагерьде, т. б.)
  64. Басың ауыратын сәт жиі бола ма?
  65. Жиі күлесің бе?
  66. Сыйлағың келмейтініңді оған сездіресің бе?
  67. Бір күнде әр түрлі істер тындыра аласың ба?
  68. Сені босқа жазғыру жиі бола ма?
  69. Табиғатты сүйесің бе?
  70. Үйден шығарда немесе ұйықтар алдыңда есіктің кілттенуін, жарықтың өшірілуін тексересің бе?
  71. Өзіңді қорқақпын деп санайсың ба?
  72. Драмалық үйірмеде, сахнада өлең оқуға, ойнауға қатыстың ба?
  73. Себепсіз нашар көңіл-күймен әңгімеге араласқың келмеген кезің болды ма?
  74. Болашақ туралы көңілсіздікпен ойлаған кезің болды ма?
  75. Адамдармен тез ренжісіп қаласың ба?
  76. Қуаныштан сағынышқа кенет ауысқан сәтін болды ма?
  77. Қонақтарыңды көңілдендіре аласың ба?
  78. Ұзақ уақыт бойы ашуланып, өкпелейсің бе?
  79. Достарыңның қайғысына ортақтасасың ба?
  80. Қатеге немесе шимайға бола басқа бетке кешірген кезің бола ма?
  81. Сенбеушілік кезің болды ма?
  82. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?
  83. Терезеден секіру немесе машинаның астына түскің келген сәттерін болды ма?
  84. Жаныңдағылар көңілдерін кетеріп жатса, сен де көңілденесің бе?
  85. Сенде сәтсіздік болса, оны үнемі ойлай бермей, уақытша болса да ұмыта аласың ба?
  86. Ойламаған жерден өзіңді ұстай алмай, жеңілтектік танытасың ба?
  87. Әдетте сен көп сөйлемейтін, үндемейсің бе?
  88. Драмалық қойылымдарда өз рөліңді сахнада өзіне ұқсамайтын тұлғада ойнай аласың ба?

Жауап парағы

А. Т.Ә._________________________________________________________________

Жасы______________________

Білімі______________________

ЖауапЖауапЖауап
Жауап
ИәЖоқИәЖоқ ИәЖоқ ИәЖоқ
1  23  45  67  
2  24  46  68  
3  25  47  69  
4  26  48  70  
5
  27  49  71  
6  28  50  72  
7  29  51  73  
8  30  52  74  
9  31  53  75  
10  32  54  76  
11  33  55  77  
12  34  56  78  
13  35  57  79  
14  36  58  80  
15  37  59  81  
16  38  60  82  
17  39  61  83  
18  40  62  84  
19  41  63  85  
20  42  64  86  
21  43  65  87  
22  44  66  88  

 

Нәтижені өңдеу:

Шкала бойынша ұпай саны («-» белгісі бар жауап есептелмейді) саналады. Акцентуация типі ұпай санын коэффицентке көбейту арқылы шығарылады. Анықталған көрсеткіш 12 ұпайдан асса есептелінеді.

Шмишек тестінің кілті:

Кілтімен берілген сұраққа сәйкес келген жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. Демонстративті (қыр көрсеткіш ) тұлға:

+ 7, 19, 22, 29, 41, 44, 63, 66, 73, 85, 88.

-51.  жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Тоқыраушылық (застрев.):

+, 2, 15, 24, 34, 37, 56, 68, 78, 81.

-12, 46, 59. жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Педантты (нанымшыл тұлға)

+: 4, 14, 17, 26, 39, 48, 58, 61, 70, 80, 83.

— : 36.         жауап саны 2-ге көбейтіледі.

4 Еліткіш (возбудит.)

+: 8, 20, 30, 42, 52, 64, 74, 86.  жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Әсірешіл (гипертимді тұлға).

+: 1, 11, 23, 33, 45, 55, 77.

-: 67.  жауап саны 2 — ге көбейтіледі.

  1. Дистимді:

+: 9, 21, 43, 75, 87. жауап саны 2 -ге көбейтіледі.

  1. Мазасыздық (мазасыз тұлға).

+: 16, 27, 38, 49, 60, 71, 82.

— 5:   жауап саны 2-ге көбейтіледі.

  1. Шаттану (шаттанғыш, аффектно-экзальтиров)

+: 10, 32, 54, 76.  жауап саны 2 -ге көбейтіледі.

  1. Эмотив — сезімшіл

+: 3, 13, 35, 47, 57, 69, 79.

-: 25 жауап саны 2 — ге көбейтіледі.

  1. Циклотимдік (қадалғыш тұлға)

+: 6,18, 28, 40, 50, 62, 72, 84. жауап саны 2-ге көбейтіледі.
леонгард тестінің кілті:

  1. Әсірешіл (гипертимді тұлға).

× 3 +:1, 11, 23, 33, 45, 55, 77.

-: 67.

  1. Тоқыраған (застрев.)

x 2 +: 2, 15, 24, 34, 37, 56, 68, 78, 81.

— : 12, 46, 59.

  1. Эмотивті — сезімтал

x 3 +: 3, 13, 35, 47, 57, 69, 79.

— : 25

  1. Педантты (нанымшыл тұлға)

x 2 +: 4, 14, 17, 26, 39, 48, 58, 61, 70, 80, 83.

-: 36.

  1. Мазасыздық (мазасыз тұлға).

x 3 +: 16, 27, 38, 49, 60, 71, 82.

-: 5.

  1. Циклотимдік (қадалғыш тұлға)

x 3 +: 6, 18, 28, 40, 50, 62, 72, 84.

-: жоқ.

  1. Демонстративті (қыр көрсеткіш) тұлға:

х 2 + : 7, 19, 22, 29, 41, 44, 63, 66, 73, 85, 88.

— : 51.

  1. Еліткіш (возбудит.)

x 3 +: 8, 20, 30, 42, 52, 64, 74, 86.

-: жоқ.

  1. Дистимді :

x 3 +: 9, 21, 43, 75, 87.

-: 31,53,65.

  1. Экзальтталған:

x 6 +: 10, 32, 54, 76.

— : жоқ.

К.Леонгард–г.Шмишектың бейімделген мінездемелік сауалнамасы

Бұл тест мінез акцентуациясын анықтауға арналған. Сұрақнама нақты мінез акцентуациясын құрайтын 88 сұрақтан, 10 шкаладан тұрады. Бірінші шкала тұлғаның мінезінде жоғарғы өмірлік белсенділікті байқатады, екінші шкала қозғыштыққа бейімділік акцентуациясын көрсетеді. Үшінші шкала сыналушы өмірінің эмоционалы тереңдігін айтады. Төртінші шкала педантизмге бейімділігін көрсетеді. Бесінші шкала жоғарғы қорқынышты анықтайды, алтыншы шкала көңіл-күйдін тез ауыспалылығын, жетінші шкала сыналушы мінез-құлқының демонстрациялылығын байқатады. Сегізінші шкала мінез-құлық тұрақсыздығын. Тоғызыншы шкала қанағатана алушылық деңгейін көрсетеді, оныншы эмоцияның күші мен айқындылығын білдіреді.

Сұрақнама жүргізбес бұрын нұсқау беріледі. Уақыт шектеусіз.

Сыналушыға нұсқау:

«Сізге, Сіздің мінез-құлығыңызға қатысты тұжырымдамалар ұсынылады. Егер сіз тұжырымдамалармен келіссеңіз оның нөмері тұсына «+» (Иә), ал егер келіспесеніз «-» (Жоқ) белгісін қоясыз. Сұраққа көп ойланбаңыз, дұрыс не дұрыс емес жауап жоқ».

Сұрақнама мәтіні

  1. Сіз көбіне көтерінкі көңіл-күйде боласыз ба?

  2. Сізге қарсы айтылған сындарға сезімталсыз ба?

  3. Кинода, театрда, әңгімелесуде сіздің көзіңізге жас оралу бола ма?

  4. Бір жұмыс істеп, оның дұрыстығына күмәндаңасыз ба және ол дұрыс екендігіне көз жеткізбей тынышталмайсыз ба?

  5. Балалық кезде сіз, сенің құрбыларындай батыл болдыңыз ба?

  6. Сіздің көңіл-күйініз тез ауыспалы ма?

  7. Топта, қоғамдық ортада сіз жұрттың назарында боласыз ба?

  8. Мынадай жағдай сізде байқала ма? Сіз әр кімге себепсіз айғай шығарасыз.

  9. Сіз салмақты адамсыз ба?

  10. Сіз бір нәрсеге танқала аласыз ба?

  11. Сіз шешім қабылдай аласыз ба?

  12. Сізді біреу реңжітсе тез ұмыта аласыз ба?

  13. Сіз нәзік жүректісіз бе?

  14. Пошта қорабына хат салып тұрып, сіз оның қорапқа түскен түспегенін қолыңызбен тексересіз бе?

  15. Сіз ең жақсы жұмыскерлер қатарында болуға ұмытыласыз ба?

16. Сізде балалық шағынызда найзағайдан немесе бөтен иттен қорқу сезімі болды ма (одай сезім казіргі шағыңызда байқала ма)?

17. Сіз барлық жерде және барлығыңда тәртіп сақтауға тырысасыз ба?

  1. Сіздің көңіл- күйініз сыртқы факторларға тәуелді ме?

  2. Сізді таныстарыңыз жақсы көре ме?

  3. Сізде ішкі қобалжулар (мүмкін болатын қасырет, жаманшылықты түйсіну сезімі) жиі бола ма?

  4. Сізде көбіне төмен көңіл-күйлер бола ма?

  5. Сізде бір рет болса да жүйкелік күйзеліс немесе истерика болды ма?

  6. Сізге бір орында ұзақ отыру қиын ба?

  7. Сізге қатысты әділсіз іс-әрекет жасалса, сіз бар күшіңізді салып өз ойыңызды дәлелдеуге тырысасыз ба?

  8. Сіз қой немесе тауықты бауыздай аласыз ба?

  9. Сізге үйдегі перденін немесе дастарханның дұрыс орналаспауы әсер ете ме, әлде сіз оларды бірден дұрыстауға кірісесіз бе?

  10. Сіз балалық шағыңызда үйде жалғыз қалуға қорқатын едіңіз бе?

  11. Сізде көңіл-күйініздің толқуы жиі бола ма?

  12. Сіз өз мамандығыңыздың мықты иегері болуыңызға үнемі талпынасыз ба?

  13. Сіз тез реңжисіз ба?

  14. Сіз мүлтіксіз ешқандай ойсыз көңілді бола аласыз ба?

  15. Шексіз бақыт сезімі, Сізді мүлдем төмендететін кездер бола ма?

  16. Қалай ойлайсыз, Сіз әзіл-ысқақтық спектаклдің жүргізушісі болалар ма едіңіз?

  17. Сіз қалыпты жағдайда адамдар жөніндегі ойыңызды ашық, тікелей және екі ойсыз айтасыз?

  18. Сізде қанды көргенде жаман сезім туындамайды ма?

  19. Сіз жоғары тұлғалық жауапкершілікті қажет ететін жұмысты жақсы көресіз бе?

  20. Басқаларға қатысты әділетсіздік жасалса, Сіз оларды ақтап шығуға бейімсіз бе?

  21. Сізге қараңғы жер төлеге түсуден қорқасыз ба?

  22. Сіз жылдамдықты қажет ететін, бірақ сапаға көп талап қойылмайтын жұмысты қалар ма едіңіз?

  23. Сіз қарым-қатынасшылсыз ба?

  24. Сіз мектепте өлеңдерді өз еркіңізбен мәнерлеп айтатың ба едіңіз?

  25. Сіз балалық шағынызда үйден қаштыңыз ба?

  26. Сізге өмір қиын болып көріне ме?

  27. Дау-жанжалдан кейін Сіздің реңжігенініз соншалық, жұмысқа бару мүмкін емес сияқты болып көрінеді ме?

  28. Сәтсіз жағдайларда Сізде әзілдеу сезімі жоғалмайды деп айтуға бола ма?

  29. Егерде сізді біреу реңжітсе, Сіз достасуға бірінші қадам жасарма едіңіз?

  30. Сіз жануарларды жақсы көресіз бе?

  31. Үйден шығып кеткен соң, бір оқиға болмасын деп, тексеруге қайтып ораласың ба?

  32. Кейде, Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға жаман бірнәрсе болады деген анық емес ойлар келеді ме?

  33. Сіз өз көңіл-күйінізді өте құбылмалы деп ойлайсыз ба?

  34. Сізге сахынаға шығу немесе көп адамдар алдыңда баяндама оқу қиын ба?

  35. Егер Сіздің намысыңызға тисе, Сізді реңжіткен адамды жұдырықпен ұра аласыз ба,?

  36. Сізде басқа адамдарға деген қарым-қатынас қажеттілігі жоғары ма?

  37. Сіз, қандайда бір нәрсеге көңіліңіз қалған кезде қатты күйзелетін адамдар қатарына жатасыз ба,?

  38. Сізге ұйымдастырушылық іс-әрекетті қажет ететін жұмыстар ұнай ма?

  39. Сіз алдағы кедергілерге қарамай өзініздің мақсатыңызға жетуге ұмытыласыз ба?

  40. Трагедиалық кинолар, Сіздің көзіңізге жас келетіндей әсер ете ме?

  41. Сол күнгі не болашақ жайлы ойларыңызға байланысты, Сізде үнемі ұйықтау қиын бола ма?

  42. Кейде Сіз мектепте құрбыларыңызға тапсырманы көшіруге берерме едіңіз?

  43. Мәйттен жалғыз айналып өту үшін, Сізге үлкен ерік-жігер қажет пе?

  44. Сіз бөлмеңізде заттардың өз орыныңда болуын қатаң бақылайсыз ба?

  45. Мынадай жағдай сізде бола ма, Сіздің көңіл-күйіңіз ұйықтар алдында көтерінкі болып, ұйқыдан тұрғаннан кейін жабыраңқы күйде болады?

  46. Сіз жаңа жағдайға тез үйренесіз бе?

  47. Сізде бас аурулары бола ма?

  48. Сіз жиі күлесіз бе?

  49. Сіз өзініздің ұнатпайтын, бағаламайтың, силамайтың адамдармен де амандасасыз ба?

  50. Сіз пысық адамсыз ба?

  51. Сіз әділетсіздіктерге қатты қайғырасыз ба?

  52. Сіз табиғатты досым дейтіндей жақсы көресіз бе?

  53. Үйден кетерде немесе ұйықтар алдыңда Сіз, газ сөнулі екенің, есік жабық екенін тексересіз бе?

  54. Сіз аса қорқақсыз ба?

  55. Ішімдікті ішкен кезде Сіздің көңіл-күйініз өзгереме?

  56. Сіз жастық шағыңызда шығармашылық ұйымдарға өз еркінізбен қатыстынызба?

  57. Сіз өмірді пессимистік қабылдайтыңыз соншалық, қуанышты күтпейсіз?

  58. Сізді саяхаттауға жиі тартып тұра ма?

  59. Сіздің көңіл-күйіңіз жылдам ауыса ала ма, қуанышты күйден кенеттен жабырқанқы күйге ауысу?

  60. Сіз топта достарыңыздың көңіл-күйін оңай көтере аласыз ба?

  61. Сіз ұзақ уақыт реңжейсіз бе және қаты уайымдайсыз ба?

  62. Сіз басқа адамдардың қайғысын ұзақ уақыт уайымдайсыз ба?

  63. Сіз мектепте оқығанда дәптер жолында сия, дақтар қалғанда, жиі жаңа дәптерге көшіретін едіңіз бе?

  64. Сіз адамдарға күдікпен, сенімсіздікпен қарайсыз ба?

  65. Сіз қорқынышты түстер жиі көресіз бе?

  66. Сізде жүріп бара жатқан поездің дөңгелегіне астына түсіп қаламын деп сақтанасыз ба?

  67. Көңілді топта, Сіз өзіңізді көңілді ұстайсыз?

  68. Шешімін табуды қажет ететің, қиын мәселеден ойынызды басқа нәрсеге ауыстыра аласыз ба?

  69. Сіз ішімдікті қабылдағанда, өзіңізді еркін сезініп, ашыла түсесіз?

  70. Сіз әңгімелесу кезінде сөзге сараңсыз ба?

  71. Егер Сізге сахынада ойнау қажет болса, онда Сіз рөлге кіріп, оның тек қана ойын екенін ұмытасыз?

Леонгард сұрақнамасының әрбір шкаласын санағанда стандартизация шешімі үшін әрбір шкала мағынасы нақты бір санға көбейтіледі. Бұл әдістеме кілтінде көрсетілген. Акценуацияланған тұлға, патологиялық болып табылмайды.

КІЛТ:

№ П/П

Акцентуация типтері

Сәйкес келетін жауаптар

Қалыпты коэффициент

1.

Гипертимді

1,11,23,33,45,55,67,77

3

2.

Тіреліп қалушы

2,-12,15,24,34,37,-46,56,-59,68,78,81

2

3.

Эмотивті

3,13,-25,35,47,57,69,79

3

4.

Дистимді

9,21,-31,43,-53,-65,-75,87

3

5.

Мазасыз-қорқақ

-5,16,27,38,49,60,71,82

3

6.

Экзальтилденген

10,32,54,76

6

7.

Циклотимді

6,18,28,40,50,62,72,84

3

8.

Қозғыш

8,20,30,42,52,64,74,86

3

9.

Педантты

4,14,17,26,36,-39,48,58,61,70,80,83

2

10.

Демонстративті

7,19,22,29,41,44,-51,63,66,73,85,88

2

Оларға қысқартулар мен түсініктер енгізілген.

+Б.- жағымды бітіс, -Б.-жағымсыз бітіс, +Ж.- сол типке жағымды жағдай, -Ж.-сол типке жағымсыз жағдай (керсінше айтқанда, аз қақтығысу орыны).

Гипертимді тип:

+Б.: Қарым-қатынасшылдық, күштілік, оптималдылық, өмірлік мәселелерге жеңіл қарау, эрудициялылық;

-Б.: Импульсивтілік, мінез-құлқын ойластырмау, жалқаулық, жеңіл ойлау, тітіркенгіш, поза мен фразаға бейімділік;

+Ж.: Жұмыстық қатынас, жеңіл байланысулардың көптігі, терең өндеусіз оперативті шешімдер қажеттілігі;

-Ж. : Талдау қажеттілігі, шешімге жауапкершілік, еріксіз жалғыздық, ортаның бірінғайлылығы.

Тіреліп қалушы:

+Б.: Принципшілдік, табандылық, ұстамдылық, парыз сезімінің болуы, өзін құрбан қылу;

-Б.: Күмәншіл, кекшіл, өзімшілдік, айналадағылардан шексіз талап ету;

+Ж.: Бағалау жағдайына ризашылдық ету, жақындықты марапаттау, оның үлгісінде жүру;

-Ж.: Ой құндылығының және жақындылығына күмәндану, дүниеге әділсіз қарауды әшкерлеу.

Эмотивті тип:

+Б.: Жылы жүректі, эмоционалды, борыш сезімі, жақсылық тілегіштік және тактилділік;

-Б.: Өте сезімтал, қарым-қатынастың ерекше стильін қажет етеді, негізгіні көре алмау, әр нәрсеге байлану;

+Ж.: Өнерге қатынас, басқалардың уайымына субъективті кіру қажеттілігі, жұмыста және қарым-қатынаста формальді шектеудің болмауы;

-Ж. : Отбасы ауруы және мәселелер, шиеленістер, жақындары және басшылар жағынан әділетсіздік.

Дистимді тип:

+Б.: Мезгілділік, жауапкершілік, әділдік, пунктуальділік;

-Б.: Инерттілік, баяулылық, пассивтілік, орта қуанышына ортақтаса алмау;

+Ж.: «адам-белгілер жүйесі», «адам-табиғат» мамндығының типі, жұмыс жылдамдығын қажет етпейді;

-Ж.: Жағдайдың өзгерісін тез жауап қайтару қажеттігі, жұмыс тәсілін өзгерту, шешімді тез қабылдау, жаңа қызметкерлермен тез тіл табысу, адамдармен танысу.

Мазасыз-қорқақ тип:

+Б.: Сезімталдық, өзін кінәлау, эмоциональдылық, қызығушылық, достық қатынас;

-Б.: Адам мен жағдайға «жабысу» тендециясы, тірек бола алмау, жаңа дүниеден қашу, дербестіктің болмауы, әділетсіздікті үнсіз мойындау;

+Ж.: Басқа адамдармен бір типті қатынас, нақты анықталған құқық және міндет, ынтаның қажетсіздігі, лидерлік;

-Ж. : Басқалар тарапынан әділетсіз кінәлау, мазақтау, қарым-қатынасты анықтауға қажеттілік.

Экзальтилденген тип:

+Б.: Эмоционалдылық, баға және іс-әрекеттін айқындығы;

-Б.: Сезімдерін ұстай алмау, ашуланшақ немесе жасқаншақ, эгоизм;

+Ж.: Барын салып жұмыс істеу, сезімге деген «азықтың» болуы;

-Ж.: Жұмыстың бірыңғайлылығы, айналадағылардан жоғары бағалауды қажет ету, нұсқаумен шектелу, жағымсыз сезім және жағдайдың «тереңдігі».

Циклотимді тип:

+Б.: Дүниеге стандартты емес қатынас, салмақтылықты қажет ету және романтикалылықты қажет ету;

-Б.: Өзінің ішкі әлеміне үңілу, бағалаудың субъективтілігі;

+Ж.: Жұмыс ырғағының жеке даралылығы, өмірдің қаңғыбастық бейнесі;

-Ж.: Қалыпты жағдайдан айрылған жағдайлар, график бойынша жұмыс, жұмыс жағдайына байланысты адамдармен кең қарым-қатынас жасау қажеттілігі.

Қозғыш тип:

+Б.: Күштілік, инициативтілік, шаруашыл, адал ниет, балалармен жануарларға деген махаббат;

-Б.: Тітіркендіргіштік, ашуланшақтық, қарсыластыққа шыдамау, «қолын көтеруге» бейімділік, кызығушылықтарда өзін ұстай алмау.

+Ж.: Ақыл-ой және физикалық белсенділік жағдайы, жалғыздықтағы жұмыс;

-Ж.: Кінәлау, қарсы әркет ету, моралдық және материалдық шығын жағдайы.

Педантты тип:

+Б.: Міндеттілік, тең көңіл-күй, сенімділік, тәртіптілік;

-Б.: Тынышсыз, тұтығушылық, формализм, өзін және басқаларды қажетсіз тексеру, анықсыздық жағдайда шешім таба алмау;

+Ж.: Нұсқауға сай берілген тапсырманы іске асыру мүмкіндігі, қарым-қатынастағы тұрақтылық;

-Ж.: Белгісіздік жағдайында стандартты емес және жеке шешім қабылдауға деген талап.

Демонстративті тип:

+Б. : Күшті, қысылмай әрекет етушілік, өзіне қарата алу, әртістік мәліметтер, сезімнің айқындылығы;

-Б.: Эгоистік, фантазерлық, шынайы еместілік, шешімді қажет ететін сұрақтардан қашу;

+Ж.: «Шоу» ұйымдастыра алу, сахынада өзін еркін ұстау, басқалардың қамын ойлау;

-Ж.: Ойын мен өтіріктің ашылып қалу мүмкіндігі, «көрермендердің» бағаламауы, «жұлдыз» болу құқығын шектеу, немқұрайлық.

Г. Шмишек сауалнамасы: бұл әдістемені Г. Шмишек 1970 жылы К.Леонгардтың акцентуалдық тұлға концепциясы негізінде өңдеп шығарды. Пішіні бойынша бұл сауалнама «иә» немесе «жоқ» деген екі нұсқалы жауап ұсынатын 88 сұрақтан тұрады.

Тестілеуден кейін алынған жауаптар кілт көмегімен өңделеді. Қорытындысында әрбір акцентуация типі бойынша баллдар көрсеткіштері шығады. Содан кейін алынған көрсеткіштер сәйкесінше коэффиценттер бойынша формулаға салынып есептелінеді.

Баллдар суммасы *коэффицент = қорытынды көрсеткіш.

Добавить комментарий